Қазақстанның экономика саласының өкілдері Ереванға барудан бас тартты
(last modified Sat, 23 Apr 2016 09:46:25 GMT )
Сәу 23, 2016 15:46 Asia/Almaty
  • Қазақстанның экономика саласының өкілдері Ереванға барудан бас тартты

Таулы Қарабақ өңірінде Армения атысты тоқтату режимін бұзғандықтан Қазақстанның экономика саласының өкілдері Ереванға барудан бас тартты.

Әзірбайжандық ANSPress телеарнасы сайтының хабалауынша, Армения кәсіпкерлері одағының төрағасы Арсен Казарян қазақстандық экономика саласы өкілдерінің Армениядағы қауіпті жағдай мен Әзірбайжанмен арадағы қақтығыс аймағындағы атысты тоқтату режимінің бұзылуына байланысты аталмыш елге сапардан бас тартқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Арсен Казарян Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуі мен аталмыш аймақтың алдыңғы шебіндегі атысты тоқтату режимінің бұзылуының Ереван-Астана саяси қарым-қатынастарына кері әсерін тигізетінін қуаттады.

Айта кететін жайт, Қазақстанның экономика саласының өкілдері Ереван сапарынан бас тартқаннан кейін, Армения Қарабақ өңіріндегі ҚР Елбасының құрметіне Нұрсұлтан Назарбаев деп атаған көшенің атауын өзгертті.