Иран мен Ресей басшыларының кездесуіне АҚШ БАҚ өкілдерінің реакциясы
(last modified Fri, 21 Jan 2022 17:20:05 GMT )
Қаң 21, 2022 23:20 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей басшыларының кездесуіне АҚШ БАҚ өкілдерінің реакциясы

АҚШ БАҚ өкілдері Иран мен Ресей басшыларының кездесуі туралы жазды.

Associated Press ақпарат агенттігінің жазуынша, Ресей Президенті Владимир Путин сəрсенбі күні Мəскеуде Иран Президенті Ибраһим Раисимен кездесуінде: "Екі елді де алаңдатып отырған Ауғанстанның жағдайы туралы сұхбаттасуды қалайды",-деді. 

Иран Президенті: "Иран Ресеймен саяси-экономикалық, қорғаныс, қауіпсіздік жəне əуе-ғарыш салаларында əріптестікті дамытуға ниетті",-деді. 

ABC News ақпарат арнасының хабарлауынша, Владимир Путин Ибраһим Раисимен кездесуінде екі елдің  халықаралық мəселелер, соның ішінде Сирия дағдарысы саласындағы əріптестігіне алғыс айтты.

New York Times газеті: "Иран мен Ресей басшыларының кездесуі екі елдің АҚШ-қа қарсы бірлігін көрсетті",-деді.