Ақп 01, 2022 20:39 Asia/Almaty
  • Иран: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жанданбағанша, АҚХА Исфаханның жаңа ядролық нысандары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмайды

Венада орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы ИИР-ның тұрақты өкілі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жанданғанға дейін Исфаханның жаңа ядролық нысандары туралы бақылау ақпаратына қол жеткізе алмайтынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы дүйсенбі күні кешке  Мұхаммад Реза Ғаеби журналистерге: «АҚХА сағат сайынғы есеп уақытылы тапсырылуда. Бұл есеп ұйымның мүшелеріне Иранның ядролық қызметіне қатысты соңғы техникалық ақпаратты жеткізеді. Бұл ақпаратқа сәйкес, Иран Агенттікке центрифуга бөлшектерін Карадждағы «Тасаи» кешенінің орнына Исфахандағы жаңа кешенде шығаруға ниетті екенін хабарлады. Иран өкілі бұл үдерістін әлі басталмағанына тоқталып: «Ақпарат Иранда қалғанымен, Агенттік өзінің нормативтік критерийлерін сәйкесінше реттей алады. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясындағы ядролық міндеттемелерін қалпына келтірмейінше, АҚХА оған қол жеткізе алмайды»,- деді.

АҚХА дүйсенбі күні Иранның  бұл ұйымға центрифугалардың ротор түтіктері мен сильфондарын (роторлық түтіктер арасындағы аралық бөліктер) Исфахандағы жаңа  нысанда шығару ниеті туралы хабарлағанын жариялады.

Тегтер