Халық Түркияның Израильмен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруіне наразылық білдіруде
Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған үкіметінің Израильдегі нәсілшіл режиммен қарым-қатынасты қалпына келтіруге бағытталған барлық тынымсыз талпыныстарына қарамастан, бұл мұсылман елінің халқы Анкара үкіметінің қате саясаттарына қарсылығын білдіруде.
Анкара үкіметінің қайраткерлері, әсіресе Түркия президентінің өзі нәсілшіл Израиль режимімен қарым-қатынасын қалпына келтіру талпынысын Ердоған үкіметінің шенеуніктері Израильмен қарым-қатынас жасауда үлкен тәжірибеге ие болған жағдайда жасауда. Сонымен қатар Түркиядағы көптеген діни және исламшыл саясаткерлер бұдан бұрын сионистік режимнің аймақтағы адасушылық әрекеттерін түрлі жолдармен әшкерелеп үлгерді. Бұған мысал ретінде 1923 жылы Түркия республикасы құрылғаннан кейін ХХІ ғасырдың басына дейін елдің бұрынғы премьер-министрі және жалғыз исламшыл премьер-министр болған түрік саясаткері, марқұм Неджметдин Ербаканның мысалын келтіруге болады. Бұл реалист түрік саясаткері 1992 жылы күрд үкіметін құру туралы әңгіме болмаған кезде: «АҚШ пен Израиль Ирактың солтүстігіндегі күрдтер тұратын аймақтарда өздеріне толығымен бағынатын автономиялық аймақ құрғысы келеді», - деді. Арада жылдар өткен соң Неджметдин Ербаканның әшкерелегені шындыққа айналып, АҚШ бастаған Батыс үкіметтерінің, сондай-ақ Израильдің Ирактың солтүстігінде Күрдістан мемлекетін құруға бағытталған талпыныстары өз жемісін берді. Осыған байланысты сионистік жазушы және саясаттанушы Исраэл Шахак кітабында Израильдің шынайы ниеттерін әшкереледі. Ол Израильдің сыртқы саясатының принциптері мен құралдары туралы фактілердің бар екенін мойындады. Сионистік жазушы Исраэл Шахак: «Израильдің аймақтық саясаттарының негізгі мақсаты Батыс Азияда гегемонияға қол жеткізу және аймақ елдеріне, әсіресе мұсылман мемлекеттеріне үстемдік ету және оларды жоюға немесе залалсыздандыруға тырысу»,- деді.
Қорыта айтқанда, Түркия президенті өзіне дейінгі саясаткерлердің тәжірибесінен сабақ алмай, бұған дейін Анкарадағы оппозициялық партия жетекшілері тосқауыл қойған жолды жалғастырып жатқан сияқты. Ердоған үкіметінің оппозициялық саясаткерлерге немқұрайдылық білдіруді жалғастыруына байланысты түрік халқы Анкара билігінің Израильмен қарым-қатынасты қалпына келтіру саясатына наразылық білдіру үшін тағы да көшеге шықты. Осыған байланысты Түркия ауыр экономикалық, валюталық және қаржылық дағдарыстарға тап болған жағдайда Ердоған үкіметі Израиль режимінің ұстанымын Түркияның мүддесі үшін пайдалануға тырысуда деген ой туады.