Иран бастамасының арқасында Вена келіссөздерінде сындарлы кеңістік қалыптасты
(last modified Sun, 13 Feb 2022 18:54:41 GMT )
Ақп 14, 2022 00:54 Asia/Almaty
  • Иран бастамасының арқасында Вена келіссөздерінде сындарлы кеңістік қалыптасты

Қысқа үзіліс пен астаналарда кеңесулер өткізілгеннен кейін Кобург қонақ үйінде Вена келіссөздерінің сегізінші кезеңі қайта жалғасты. Келіссөздердің сындарлы кеңістікте жалғасып жатқанының белгілері айқын байқалады.

Иран келісімгерлер тобы Вена келіссөздерінің сегізінші кезеңі  барысында жаңа ұсыныстар беріп, басқа тараптарды да жаңа бастамалар ұсынуға ынталандырып, Теһранның осы келіссөздерге ашық та біртұтас қатынаспен келгенін көрсетті.

Осы аяда Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Мехди Сафари Венада санкцияларды жоюға қатысты өтіп жатқан келіссөздерге қосылды.

Санкцияларды жою туралы келісімге келу мақсатында тақырыптарды нақтырақ əрі кəсібиірек талқылау үшін Иранның əртүрлі мемлекеттік орган өкілдері келіссөздерге қатысуы тиіс. Осы жайттың өзі тиісті органдардың арасында үздіксіз кеңесулер өткізіліп, біркелкі ұстаным қалыптасқанын көрсетеді.Иранның Вена келіссөздеріне белсенді əрі біртұтас қатысуы Теһран үкіметінің келіссөздерде белгіленген мақсатқа жету үшін байсалды екенін көрсетеді.

Алайда Венадағы АҚШ делегациясының ұстанымы мен осы елдің ішкі саясатында қайшылық байқалады.Мұнымен қоса, кейбір тараптар Вена келіссөздеріне назар аударудың орнына Израиль режимінің ризашылығын алуға талпынып жатыр. Батыстың кейбір елдерінен Вена келіссөздерін қорытындылау үшін тиісті шешімдерді жылдам қабылдауға зейін қояды деп күтіледі.Израиль режимі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты əрдайым бүлдіргі рөл ойнап, жалған уəждер айту арқылы санкцияларды жою туралы жаңа келісімінің жасалуына тосқауыл қоюға талпынып келеді.

Бұған дейін 2015 жылы Израиль режимінің сол кездегі Премьер-министрі саяси əрекеттер жасап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы шықты, бірақ оған қол қойылуына кедергі бола алмады. Енді тағы да Вена келіссөздері ілгерілеген сәтте Израильдің қарсы əрекеттері күшейе түсті.

Вена келіссөздеріндегі сындарлы кеңістікте барлық тараптар қолдайтын қорытынды кезеңге жету үшін кейбір тараптардың тиісті ерік-жігер танытып, саяси шешімдер қабылдауы аса қажет.

Иран үшін Вена келіссөздерінің қорытынды кезеңге өтіп, ықтималды келісім жасалуындағы мақсат - АҚШ-тың Иран халқына қарсы санкцияларын жою.