Украинаның НАТО-ға мүше болудан бас тарту үшін қойған талабы
Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі Вадим Пристайко бір сұхбатында: "Ресеймен соғыстың алды алынған жағдайда Киев НАТО-ға ешқашан мүше болмауға келісім беруі мүмкін",-деді.
Пристайко: "Қазіргі таңда біздің басты басымдығымыз – күн сайын шекарамыздың сыртында күшейіп бара жатқан дағдарысты азайту. Киев осы текетірестерден шығу үшін практикалық шешім жолдарын табуды көздеп отыр",-деді.
Украинаның НАТО-ға мүше болу туралы ұстанымын ашық түрде өзгертуі осы ел басшыларының Ресейдің Украинаға шабуылы мәселесінің шындыққа айналып жата жатқанын ескеріп, қауіпсіздік жағдайының ушыққанына қатысты жаңа түсінікке жеткенін көрсетеді. Ал бұл жағдайда Украинаның НАТО-ға мүше болу қажеттігі осы елдің конституциясында жазылған. 2004 жылы Украинада түрлі түсті революция болып, батысшыл Виктор Порошенко билік басына келгеннен бері осы елдің батысшыл басшыларының басты талаптарының бірі НАТО-ға қосылуға өтініш білдіру болды. Бұл өтініштің сылтауы Ресей тарапынан Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төніп отыр деген уәж болды. Владимир Зеленскийдің билігі кезінде Киев НАТО-мен қарым-қатынасын одан ары арттырды. НАТО басшылары, әсіресе оның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның НАТО-ға қосылуы қажеттігін баса айтып отыр.
Ал бұл жағдайда Мәскеу: "Жақын елдер, соның ішінде Украинаның НАТО-ға қосылуы – Ресейдің ұлттық қауіпсіздігінің қызыл сызығы. Мұндай істің орындалуы НАТО мен Ресейдің көрші атанып, Ресей мен Украина шекарасына жақын маңға әскери күштер, қару-жарақтар мен қысқа және ұзақ қашықтыққа арналған баллистикалық ядролық зымырандарды орналастыруға себеп болады",-деп сан рет мәлімдеді.
Ресей астанасы Мәскеу Украинадан 800 км қашықтықта орналасқанын ескерсек, бұл елдің НАТО-ға қосылуы Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі үшін шынайы қатер саналады.
Сондықтан 2021 жылдың желтоқсан айының ортасынан Украина текетіресі күшейе түскенде Ресей СІМ қауіпсіздік туралы кепілдік беруге ұсыныс жасап, АҚШ пен НАТО-ны өз талап-тілектеріне назар аударуға шақырды. Мәскеу Украинаның НАТО-ға қосылмайтынына және НАТО күштері мен әскери жабдықтарының Ресеймен шекара маңына орналастырылмайтынына және әскери күштерді орналастыру жағдайы 1997 жылдағы жағдайға қайта оралатынына кепілдік берілуін сұрады. Бұған АҚШ пен НАТО қарсы шықты.
Путиннің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаков: "АҚШ Ресейдің алдын ала жоспармен шабуыл жасайтыны туралы дақпыртты қолдан өршітіп отыр. Тіпті шабуыл жасалатын күнді жариялап қойды. Мұнымен бір мезгілде өз одақтастарымен бірге Украина армиясына әскери құрал-жабдықтар жеткізіп жатыр",-деді.
Вашингтонның мақсаты Ресейді әлсірету, НАТО-ны Шығысқа жылжыту арқылы Ресейді әскери тұрғыдан ауыздықтау, Ресей шекарасы маңына әскер жіберу, Еуропа құрылығында ядролық зымырандарды орналастыру болып отыр. АҚШ орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандар туралы хаттамадан (INF) шыққаннан кейін осы мақсатты орындауға мүмкіндік туды.