Иран мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері Вена келіссөздері жайлы сұхбаттасты
(last modified Tue, 15 Feb 2022 13:15:37 GMT )
Ақп 15, 2022 19:15 Asia/Almaty
  • Иран мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері Вена келіссөздері жайлы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынастың соңғы жағдайына шолу жасап, Вена келіссөздерінің барысын талқылады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы сұхбатта Вена келіссөздерінің өте маңызды кезеңге жақындап қалғанын айтып, қарсы тараптардың байсалды да жауапты болу қажеттігін ескертіп, Иран тарапының қисынды қатынасы мен сындарлы бастамаларының арқасында ядролық келіссөздердің осы кезеңге жеткенін баса айтты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лондон үкіметінің Вена келіссөздеріндегі ұстанымын баяндап, Иран мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың артуын екі ел мүддесіне сай деп атап, жақын болашақта өз елінің Иранға тиісті қарыздарды қайтара алатынына үміт білдірді.