Лавров Вена келіссөздерінде Иранның сындарлы қатынас көрсетіп, қисынды бастамалар ұсынғанына алғыс айтты
Ресей Сыртқы істер министрі өзінің ирандық әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, Вена келіссөздерінде Иранның сындарлы қатынас көрсетіп, қисынды бастамалар ұсынғанына алғыс айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров дүйсенбі күні кешке Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен телефон арқылы сұхбаттасып, Вена келіссөздерінде мәтіндер мен ұсыныстарды талқылап, келісімге келу үшін түрлі тараптар арасында кеңесулер жалғаса түсу қажеттігін қуаттады.
Ресей Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, ИИР-ның Оңтүстік Кавказ мәселесі туралы 3+3 тобының екінші жиналысын өткізу туралы ұсынысын қолдап, бұл жиналыстың аймақ елдері мүдделерін одан ары қамтамасыз етіп, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатылуына себеп болатынына үміт білдірді.
Амир Абдуллахиан осы телефон арқылы сұхбатта қарсы тараптардың кез келген келісімде іс жүзінде өз міндеттемелерін орындап, Иранның барлық құқықтарын ескеруі тиістігін баса айтты.