Зеленский: Ресей сәрсенбі күні Украинаға шабуыл жасайды
https://itolqyn.com/news/world-i59020
Украина Президенті бір мәлімдемесінде: "Ресей сәрсенбі күні Украинаға шабуыл жасайды",-деп уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 15, 2022 20:22 Asia/Almaty
  • Зеленский: Ресей сәрсенбі күні Украинаға шабуыл жасайды

Украина Президенті бір мәлімдемесінде: "Ресей сәрсенбі күні Украинаға шабуыл жасайды",-деп уәж айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Зеленский бұл мағлұматтың дереккөзіне сілтеме жасамады, бірақ сәрсенбі күнді "Бірлік күні" деп жариялады.

АҚШ-тың CBC арнасының хабарлауынша, Ресей алыс қашықтыққа арналған зеңбіректер мен зымыранатқыштарды шабуыл жасалатын жерлерге тасымалдады.

Вашингтонның сенімінше шабуыл осы аптаның соңында болады, алайда қақтығыстардың қалай өрбитіні белгісіз.  

АҚШ пен Ұлыбритания Ресейдің Украинаға шабуылы жақындап қалғанын айтса, Франция Сыртқы істер министрі шабуыл болатыны жайлы күдікпен сөйлеп, оны растамады.