АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы: Венадағы күрделі келіссөздер соңғы кезеңге жақындап қалды
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Иран мен 4+1 тобы арасындағы Вена келіссөздерінде Батыс елдері, əсіресе Вашингтонның саяси шешімдер қабылдайтын кезеңге жеткеніне меңзеп: "Біз күрделі келіссөздердің соңғы кезеңіндеміз",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нед Прайс сəрсенбі күні Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында кездесу ықтималы туралы тілшінің сауалына жауабында: "Иран мен АҚШ Сыртқы істер министрлері Мюнхенде кездеседі деп жоспарланбаған, бірақ бұрын да жарияланғандай Иран мен АҚШ арасында Вена келіссөздеріне қатысты тікелей келіссөздер өтсе, біздің мүддемізге сай болар еді",-деді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы өздерінің қазір Иранмен жанама түрде келіссөз жүргізіп жатқанын жəне жолдаулар серіктестер арқылы жеткізілетінін айтып: "Бұл жағдай техникалық тұрғыдан күрделі келіссөздерде кедергі тудырып отыр",-деді.
Нед Прайс: "Тікелей келіссөз жүргізу "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына бəрі бірдей берік болуға қайтып оралу мүмкіндігін талқылау үшін жасалып жатқан талпыныстарға сай болады",-деп уəж айтты.