Иран-Өзбекстан-Қазақстан бірлескен экономикалық комиссиясы отырысы келесі аптада Теһранда өтеді
(last modified Fri, 18 Feb 2022 10:15:59 GMT )
Ақп 18, 2022 16:15 Asia/Almaty
  • Иран-Өзбекстан-Қазақстан бірлескен экономикалық комиссиясы отырысы келесі аптада Теһранда өтеді

Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық істер жөніндегі орынбасары келесі аптада Теһранда Өзбекстан және Қазақстанмен бірлескен екі экономикалық комиссияның отырысы өтетінін хабарлады.

Мехди Сафари келесі аптада Теһранда Өзбекстан және Қазақстанмен бірлескен екі экономикалық комиссияның жиналатынын хабарлап: «Екі делегацияда да бір топ кәсіпкерлер мен жеке сектор өкілдері қатысып, бірлескен комиссия отырыстарымен бір мезгілде Иранның Сауда-өнеркәсіп палатасында осы елдердің кәсіпкерлерімен экономикалық конференциялар өткізілмек. Осы бірлескен комиссияларда қол қоюға дайындалған құжаттардың жобаларында да барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін келісімдер қарастырылған»,- деді.

 

Тегтер