ШЫҰ, ҰҚШҰ және ТМД арасындағы ынтымақтастық
«Терроризм мен экстремизмге қарсы біртұтас ұстаным» құжатына Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) қол қойды.
Бұл құжатқа қол қойған тараптар бүкіл халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігеріне үлкен мән береді және БҰҰ аясында кең ауқымды антитеррорлық коалиция құруды қолдайды. Құжатта халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың ортақ тәсілдері көрсетілген және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің террористік идеяларының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылдың №2354 қарарын қолдауы қуатталды. Аталмыш қарарда терроризм идеяларының таралуына қарсы іс-қимылмен бірге БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегиясының терроризмнің таралуына қолайлы жағдайларды жоюға, оның алдын алуға және оған қарсы тұруға, сондай-ақ фундаментализм мен терроризмнің ұясын жою шараларын қабылдауға баса назар аударылды.