Ақп 20, 2022 16:10 Asia/Almaty
  • Екі ирандық спортшы әлем бойынша 25 жасқа дейінгі 5 үздік палуанның қатарына қосылды

Дүниежүзілік палуандар одағы Амир Хұсейн Заре мен Мұхаммед Хади Саруиды әлем бойынша 25 жасқа дейінгі 5 үздік палуанның қатарында атады.

Дүниежүзілік палуандар одағы бірнеше күн бұрын 2022 жыл барысында әлем бойынша жақсы өнер көрсетуі мүмкін 25 жасқа дейінгі 25 палуанды таныстырды.

Бұл палуандар түрлі жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен, бұдан кейін де сәтті өнер көрсетулері мүмкін. 2024 жылы Парижде өтетін олимпиада ойындарына екі-ақ жыл қалды.

Жапониядан 22 жастағы Юи Сузуки, 23 жастағы Такато Утугуру, 24 жастағы Юкако Каваи мен Ираннан 21 жастағы Амир Хұсейн Заре мен 24 жастағы Мұхаммед Хади Саруи әлем бойынша 25 жасқа дейінгі 5 үздік палуан атанды.

Тегтер