Раисидің Катарға сапары - тату көршілестік дипломатиясының үздік үлгісі
(last modified Mon, 21 Feb 2022 18:59:40 GMT )
Ақп 22, 2022 00:59 Asia/Almaty
  • Раисидің Катарға сапары - тату көршілестік дипломатиясының үздік үлгісі

Иран Президенті Катар əмірінің шақыруымен Дохаға іссапармен барып, екіжақты қарым-қатынасты кеңейту мәселелерін талқылаумен қоса, Газ экспорттаушы елдер ұйымының алтыншы саммитіне қатысады. Иран мен Катардың əріптестік деңгейі жəне осы сапар барысында екі елдің арасында түсіністік меморандумына қол қойылуы тату көршілестіктің үздік үлгісі бола алады.

Аймақтағы көршілес елдермен қарым-қатынасты кеңейту Иран Президенті Ибраһим Раиси үкіметінің сыртқы саясатының басты басымдығы деп жарияланды.

Иран географиялық жағдайына байланысты 15 елді көрші санайды, аймақтағы көршілес елдермен қарым-қатынаста сауда-экономикалық, өнеркəсіп, мəдени-туристік əлеуеттерді пайдалану екіжақты жəне көпжақты байланыстардың дамуына септігін тигізеді. Осы мақсатты орындау аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі.

Катар - Иранның сыртқы саясатында басым бағытқа ие ел. Екі елдің қарым-қатынас тарихына шолу жасағанда терең байланыстың қарқынды даму үстінде болғанын байқаймыз.

Иран Президентінің Катарға сапары өзара байланысты кеңейту аясында жүзеге асырылды. Сондай-ақ Катар - Раисидің Парсы шығанағы маңындағы араб елдеріне сапарының алғашқы мақсаты. Бұл екі ел байланысының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

АҚШ пен оның Батыс Азиядағы демеушілерінің қолдауымен кейбір араб елдері Иран мен Араб əлемінің қарым-қатынасын біржолата бұзуға талпыныс жасады. Алайда Катар Иранмен жақсы қатынасын жалғастырып, Парсы шығанағы елдерінің Иранға көзқарасының АҚШ-тың қалауы мен мақсатынан тыс аймақтық шындықтарға сəйкес болуына талпыныс жасады.

Иран мен Катар əрдайым аймақтық мəселелерді шешу жəне кейбір түсініспеушіліктерді жоюдың жалғыз жолының аймақ ішінде сындарлы əріптестік жүргізіп, өзара түсіністік орнату деп санап келеді. Иран өз саясатында осы принципке берік екенін көрсетті.

Иран мен Катар саясат, экономика, сауда, өнеркəсіп, қаржы, теңіз қатынасы, туризм жəне энергетика салаларында əріптестік жасау үшін жақсы əлеуеттерге ие.

Иран Президенті мен Катар әмірінің кездесуі екі елдің жан-жақты ынтымақтастығын кеңейту жолын жеңілдетіп, Теһран мен Доха үшін жақсы нəтиже бере алады.