Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы Украина туралы сөйлесті
(last modified Wed, 23 Feb 2022 12:51:09 GMT )
Ақп 23, 2022 18:51 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы Украина туралы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қазіргі жағдайды талқылады.

 

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Владимир Путин  бүгін, сәрсенбі күні қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевты  Украинадағы жағдайға қатысты елінің ұстанымы туралы хабардар етті. Ресей Президенті сондай-ақ өз елінің екі ел халқының мүддесі үшін Қазақстанмен тату көршілік пен одақтастық қарым-қатынасын кеңейтуге бейілділігін тағы қуаттады.

Айта кететін  жәйт,  Ресей мен Әзірбайжан президенттері  Владимир Путин мен  Ильхам Әлиевтың кешегі Кремльдегі кездесуінде  екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемеге қол қойылды.

 

Тегтер