Батыс Украина дағдарысын сылтауратып, Ресейге қарсы санкциялар салды
Ресейдің Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганск тәуелсіздігін мойындағанын жариялауы Батыстың реакциясын тудырды. Батыс жауап ретінде бұл әрекетті Минск келісімдерін бұзу деп айыптап, Ресейге қарсы санкциялар салынды.
Ресей Донецк пен Луганскінің тәуелсіздігін мойындағаннан кейінгі алғашқы сөзінде АҚШ президенті Джо Байден «Владимир Путиннің бұл әрекеті Украинаға басып кірудің бастамасы» деп атап, Мәскеуге атап айтқанда Ресейдің екі ірі қаржы институтына қарсы санкциялардың басталғанын жариялады. АҚШ-тың қаржы министрлігінін жариялауынша, Ресейдің ВЭБ және ПСБ АҚШ-тың санкциялар тізімінде.
Еуродақ Ресей Думасының 351 мүшесі мен басқа 27 жеке және заңды тұлғаларға қарсы санкциялар пакетін жариялағанын хабарлады. Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Джозеф Борреллдің айтуынша, Донецк пен Луганск және Еуроодақ арасындағы экономикалық байланыстар үзіліп, Ресей енді Еуроодақ капиталы мен қаржы нарығына қол жеткізе алмайды. Батыстың Ресейге бұрын-соңды болмаған санкциялар саламыз деп қорқытқанына қарамастан, Батыстың жариялаған санкциялары символдық сипатқа ие және Украинаның шығысындағы мәселеге ұстанымын өзгерту үшін Ресейге тиімді әсер ете алмайды. Ресейдің Орталық банкі мен қаржы желісіне қолжетімділік әлі де ашық екенін және оның мұнай мен газды сату және экспорттау үшін банктік қызмет арқылы ақша ала алатынын ескерсек, АҚШ-тың ресейлік екі банкке санкция салуы бұқаралық ақпарат құралдарының жарнамасы болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ресейлік банк желісіне барлық қолжетімділікті тоқтату мүмкін емес. Сондай-ақ, Еуропа елдері Ресейден газ сатып алып, оның құнын төлеп жатқанда, Мәскеу Еуропаға газ экспортын тоқтатпайды. Бірақ бүкіл ресейлік банк және сауда желісі санкцияға ұшырап, Ресейге ақша төлеу мүмкіндік қалмаса, Мәскеу үшін Еуропаға газ экспорттауын жалғастыру қажет болмайды, өйткені ол үшін ақша алмайтын болады.
Басқа жағынан Ресей Қытаймен ұзақ мерзімді газ экспорттау келісімшартына қол қойды, оның мұнай тұтынушылары үшін де жағдай дерлік бірдей. Шын мәнінде, ресейлік банктерге толық бойкот жариялау және олардың еркін саудаға қол жеткізуін тоқтату Еуропаның өзіне ауыр тиеді.