Ресей: Харковь қаласында 470 украиндық сарбаз тұтқынға түсті
(last modified Sun, 27 Feb 2022 13:17:15 GMT )
Ақп 27, 2022 19:17 Asia/Almaty

Украина соғысының төртінші күнінде Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Харковь қаласында 470 украиндық сарбаздың тұтқынға түскенін хабарлады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Ресей күштері Украинаның Харковь қаласына кірген.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков жексенбі күні өткен баспасөз отырысында: "Украинаның 975 əскери орталығы жойылды",-деп мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы күн сайынғы баспасөз отырысында Украинаның шығысындағы Харковь қаласында қатты қақтығыстар болып жатқанына тоқталып: "Харковь облысында Бук-М1 əуе-қорғаныс кешендерімен жарақталған 302-ші зымырандық полк Ресей күштеріне берілді",-деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы: "Қазіргі таңда Украинада Херсон жəне Бердянск қалалары Ресей күштері тарапынан қоршауға алынған, Ганичевск пен Чернобаевка əуежайлары Ресей əуе күштерінің бақылауына өтті",-деді.

Тегтер