Путин Ресейдің Украинадағы əскери амалдарын қолдады
(last modified Sun, 27 Feb 2022 13:40:35 GMT )
Ақп 27, 2022 19:40 Asia/Almaty
  • Путин Ресейдің Украинадағы əскери амалдарын қолдады

Ресей Президенті осы елдің Украинадағы əскери амалдарына қатысып жатқан күштерінің Донбасс аймағы тұрғындарын қолдағанын мақтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин жексенбі күні Ресейдің арнайы күштері күніне орай айтқан құттықтауында: "Ресей күштері Украинада Донбасс аймағы тұрғындарын қолдау амалдарына ерлікпен қатысып жатыр",-деді.

Путин жолдауының басқа бір бөлігінде: "Ресейдің арнайы күштері əрдайым ел қорғап, ұлттық мүдделерді сақтауда өз əскери міндеттерін лайықты атқарды",-деді.

Ресей Президенті: "Сіздер кез келген ауыр жағдайда нақты да əсерлі əрекет етіп, міндеттеріңізді орындауға дайын екендеріңізді сан рет дәлелдедіңіздер",-деді.

Тегтер