Беларусь Украинаға қарсы арнайы əскери операция жасаймын деп сес көрсетті
(last modified Sun, 27 Feb 2022 15:09:59 GMT )
Ақп 27, 2022 21:09 Asia/Almaty
  • Беларусь Украинаға қарсы арнайы əскери операция жасаймын деп сес көрсетті

Беларусь Президенті: "Украинада тұратын беларусьтарға тиісіп, оларды азаптау Минскті Украинаға қарсы арнайы əскери операция жүргізуге жақындата түседі",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Александр Лукашенко жексенбі күні Ресейдің Украинаға қарсы əскери операциясында Беларусьтың бірде-бір сарбазы мен қаруының қатысып жатпағанын, Ресейдің мүлде мұндай өтініш жасамағанын айтып: "Бірақ Украинада Беларусь азаматтарының азапталып жатқанын көріп отырмыз",-деді.

Лукашенко: "Беларусь жерінен Украинаға қарай бірде-бір зымыран атылған жоқ. Бірақ біз Украинадан Беларусь жеріне қару-жарақ заңсыз жолмен əкелініп жатқанын көріп отырмыз",-деді.

Беларусь Президенті бұл сөздерді Ресей жағы Украинамен келіссөз жүргізу үшін Минскке делегация жібергенін жариялаған жағдайда айтылды.

Украина Президенті Владимир Зеленский: "Беларусь астанасы Минскте ресейліктермен келіссөз жүргізуге дайын емеспін. Бұл келіссөз үшінші ел, мысалы, Түркия, Əзірбайжан, Польша, Венгрия немесе Словакияда өтуі тиіс",-деді.

Тегтер