Украинадағы соңғы өзгерістер: Мәскеумен келіссөз күнінде соғыс жалғасуда
(last modified Mon, 28 Feb 2022 14:23:55 GMT )
Ақп 28, 2022 20:23 Asia/Almaty

Ресей мен Украина келісімгерлер делегацияларының дағдарысты тоқтату үшін Беларусь жерінде жасап жатқан талпыныстарына қарамастан, соғыс әлі жалғасып жатыр. Соғыстағы өзгерістер туралы жаңа мәліметтерге сәйкес, Ресей күштері Бердянск қаласын басып алды.

Украина күштері мен әсіре ұлтшылдар Донбасстың тұрғын аудандарын атқылап жатыр. Мұндай жағдайда Ресей күштері әскери амалдардың бесінші күні Украина үкіметін Донбассқа шабуыл жасауды тоқтатуға көндіру үшін осы елдің оңтүстік-шығысындағы Бердянск қаласын бақылауға алды.

Бердянск – Азов теңізіндегі маңызды портты қала. Ол Мариупольге жақын. Ресейдің теңіз күштері Бердянсктің түрлі аудандарына орналасты.

Ресей Қорғаныс министрлігі: "Біздің күштеріміз Бердянск пен Енергодар қалаларын басып алды",-деп хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі: "Киев тұрғындары қаладан еркін шыға алады",-деп мәлімдеді. Украина басшылары кеше түнде "Киев қоршауға алынды, ешкім сыртқа шыға алмайды" деп айтқан болатын.

Ресейдің Екінші мемлекеттік телеарнасы осы ел күштерінің Украинаға шабуылы салдарынан 1050-ге жуық әскери орталық пен инфрақұрылым, соның ішінде Украина армиясының штабтары мен коммуникациялық орталықтарының жойылғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі Харковь қаласында қатты қақтығыстар болып жатқанына тоқталып: "471 украин сарбазы Ресей күштеріне берілді",-деді.      

Тегтер