Ақп 28, 2022 20:38 Asia/Almaty
  • Иранның Еуразиямен сауда көлемі 5 млрд долларға жетті

Иран Кеден басқармасының халықаралық қатынас департаментінің директоры: "Иранның Еуразиямен сауда көлемі 5 млрд долларға жетті",-деді.

Хұсейн Кахаки: "Иранның Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен сыртқы сауда көлемі соңғы 11 айда 5 млрд 34 млн 94 мың долларға етті. Бұл жалпы өткен жылғы көрсеткіштен 48 пайызға артық",-деді.

Хұсейн Кахаки: "Соңғы 11 айда Иранның Еуразия экономикалық одағына мүше елдерге экспорты 1 млрд 84 млн 424 мың доллардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық",-деді.

Бес ел – Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения мен Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына мүше болып табылады.

Тегтер