Батыс елдері медиа және спорт саласында Ресейге қарсы санкциялар салды
https://itolqyn.com/news/world-i59322-Батыс_елдері_медиа_және_спорт_саласында_Ресейге_қарсы_санкциялар_салды
Мәскеудің Украинаға әскери амалдарын сылтауратып, Батыс елдері экономика мен банк саласында Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған ауқымды санкциялар салуымен бір мезгілде басқа салаларда да Ресейге қарсы тыйымдар мен санкциялар сала бастады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 28, 2022 22:09 Asia/Almaty
  • Батыс елдері медиа және спорт саласында Ресейге қарсы санкциялар салды

Мәскеудің Украинаға әскери амалдарын сылтауратып, Батыс елдері экономика мен банк саласында Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған ауқымды санкциялар салуымен бір мезгілде басқа салаларда да Ресейге қарсы тыйымдар мен санкциялар сала бастады.

Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен жексенбі күні Ресейдің Спутник және Russia Today ақпарат арналарының Еуроодақта жұмыс істеуіне тыйым салынғанын хабарлады.   

Басқа жағынан Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) өз мәлімдемесінде Ресейдің Украинаға шабуылын айыптап, Киевті қолдап, халықаралық жарыстарда Ресейдің әнұраны мен туын пайдалануға тыйым салып: "Кейін хабар берілгенге дейін Ресей жерінде футболдан халықаралық жарыстар өтпейді. Ресейдің ойындары да бейтарап елде өтетін болады. Ресейдің футбол командалары да жарыстарға Ресей футбол одағы (RFU) туымен қатысады",-деп баса айтты.  

Еуроодақ пен FIFA-ның Ресейге қарсы соңғы шаралары еуропалықтардың сөз және ақпарат бостандығын қолдау туралы ұрандарына және FIFA-ның  футболды саясаттан тыс деп сан рет мәлімдегеніне қарамастан жасалып жатыр.

Брюссельдің Спутник және Russia Today ақпарат құралдарына тыйым салудағы мақсаты – Еуропа халқының хабардарлығын арттыруды көздеген Мәскеудің Украинадағы соғыс туралы жаңалықтары, репортаждары мен сараптамаларының таралуының алдын алу.

Ұлыбританияның бұрынғы саясаткері әрі танымал медиа қайраткері Джордж Галлоуэй: "Батыста адамдар еркін түрде бейәдеп мазмұнға толы телеарналар аша алады, бірақ либерализм мен капитализм жүйесінің көмескі қырларына тоқталатын ақпарат құралдарына жұмыс істетпейді, қатаң заңдар арқылы оларды шектейді",-деді.

Басқа жағынан FIFA-ның Ресей футболына санкция салып, бұл елдің әнұраны мен туын пайдалануға тыйым салуы батыстықтардың саясаттың футболға араласпауы керектігі туралы уәждерінің жалған екенін көрсетеді. FIFA әрдайым үкіметтердің өз саяси мақсаттары үшін футбол федерациясының ісіне араласпауы керегін айтып, сионистік режимнің футбол командасымен ойнағысы келмеген командаға немесе бас тартқан футболшыға айыппұл салады.    

Енді мынадай сауал туындайды: АҚШ 2003 жылы Иракқа шабуыл жасағанда FIFA неге оған қарсы бір айыппұл немесе тыйым салмады? Ал қазір сондай тыйымды Ресейге салып жатыр.