Украинадағы соғыс және АҚШ-тағы қару-жарақ сатудың артуы
Ресейдің Украинадағы операциясымен тұспа-тұс АҚШ-тың ірі қару-жарақ компаниялары атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығы туралы Конституцияға енгізілген екінші түзетуге сүйене отырып, АҚШ-тағы позицияларын нығайтуға талпынуда.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, соңғы күндері әлеуметтік желілерде АҚШ ұлттық қару-жарақ қауымдастығы жариялаған сауалнамалар жарияланды. Бұл сауалнамаларға сәйкес атыс қаруын алып жүруді жақтаушылар америкалық қоғамда өз құқықтарын күшейткілері келеді. Сауалнама нәтижелеріне сілтеме жасаған АҚШ ақпарат құралдары: «Бүгін Украинада болып жатқан жағдай қару алып жүрудің негізін қалаушылар мен қорғаушылардың Конституциядағы екінші түзетуге баса назар аударуды талап етуінің себебі болуда»,- деп мәлімдеді.