Еуропа биржаларының құлдырауынан бастап Путинге террор жасау өтінішіне дейін
(last modified Fri, 04 Mar 2022 22:48:02 GMT )
Нау 05, 2022 04:48 Asia/Almaty

Украинадағы қақтығыстар тоғызыншы күнге аяқ басты. Еуропаның қор биржалары келесі күнін күрт төмендеумен бастады.

Жұма күні Париж қор биржасының алғашқы сағаттарындағы сауда бағамы 1,1 пайыз төмен басталды. Франкфрут қор биржасының акциясы 1,5 пайызға, Лондон биржасы 0,4 пайызға төмендеді.

Париж биржасы бүгінгі бағаммен 2020 жылдың наурыз айынан осы күнге дейінгі ең төменгі көрсеткішті көрсетті.

Бір аптада еуропалық қор биржалары 4-7 пайызға төмендеді.

Ресейдің Вашингтондағы елшісі АҚШ сенаторы Линдси Грэмнің Ресей Президенті Владимир Путинге террор жасау туралы сөздеріне қатаң реакция білдіріп, оны айыптады.

Грэм бейсенбі күні Ресейдің Украинадағы арнайы әскери амалдарына реакциясында таңқаларлық сөздер айтып: «Ресейде біреу Путинге террор жасауы керек»,-деді. АҚШ сенаторы Fox News арнасына берген сұхбатында: «Бұл соғыс қалай бітеді? Ресейде біреу Путинді істен шығаруы керек»,-деді.  

Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі Вашингтон үкіметінен осы сөзге ресми түрде түсініктеме беруін сұрады.

Ресей Думасының депутаттары жұма күні осы елдің армиясы жайлы жалған ақпарат таратқан адамдарға ауыр жаза – түрмеге қамау және айыппұл салу жазасын қолдану туралы заң бекіттті.  

Осы заң бойынша жалған ақпараттардың Ресей Қарулы күштеріне шынайы салдары болған жағдайда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолдану көзделген.

Жұма күні бекітілген заң жобасында Ресейге санкция салуға арандататын адамдар үшін де жазалар қарастырылған.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг жұма күні Украина дағдарысына қатысты соңғы өзгерістер туралы: «НАТО қақтығыс тарапы емес. Сондықтан Ресеймен бетпе-бет келуді қаламайды»,-деді.  

Столтенберг: «НАТО күштерінің Шығыс Еуропада орналасуы – қорғаныс шарасы»,-деді.

Лондонның Times апталық газетінің хабарлауынша, Украина Президенті Владимир Зеленский осы күнге дейін үш рет өзіне қарсы жасалған қастандықтан аман қалған.

Панама каналының ұйымы: «Ұйым Украина соғысында бейтарап қалады. Сол себепті Ресей кемелеріне каналдан өтуге кедергі жасалмайды»,-деп мәлімдеді.  

Сондай-ақ, Украинаның бір қайраткері: «Ресей армиясының күштері Запорожье атом электр стансасын өз бақылауына алды»,-деп мәлімдеді.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі: «Запорожье ядролық нысаны біздің бақылауымызда және қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр»,-деп хабарлады.   

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, осы елдің Қарулы күштері  осы уақытқа дейін Украинаның 1812 әскери нысаны, 62 ұшағы, 635 танкісі мен басқа да сауытты көліктерін жойды.

Украинаның бұрынғы Премьер-министрі Николай Азаров: «Ресей Президенті Владимир Путин превентивті шара қолданып, Донецк пен Луганск республикаларында мыңдаған адамның жанын аман алып қалды»,-деп мәлімдеді.  

Азаров Facebook жеке парақшасында: «Путин шын мәнінде Украина мен НАТО-дан бұрын әрекет етіп, жүздеген адамды құтқарды»,-деп жазды.

Тегтер