Ресей: Украина бір зерттеу реакторын жарып жібермекші
https://itolqyn.com/news/world-i59492
Ресей Украинаны бір ядролық зерттеу реакторын жарып жіберіп, оған Мəскеуді кінəлі деп көрсетуді қалайды деп айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2022 19:47 Asia/Almaty
  • Ресей: Украина бір зерттеу реакторын жарып жібермекші

Ресей Украинаны бір ядролық зерттеу реакторын жарып жіберіп, оған Мəскеуді кінəлі деп көрсетуді қалайды деп айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде: "Украина күштері Харковь ұлттық техникалық зерттеу орталығындағы реакторға бомба қойып, оны жарып жіберіп, Ресей күштерін аталмыш реакторға зымыран атты деп айыптағысы келеді",-деді.

Мəлімдемеге сəйкес, шетелдік тілшілер кеше, 6 наурызда Харковьқа кіріп, болған оқиғаның салдарын тіркеп, Ресейді экологиялық апатқа кінəлі деп атады.