Путин Макронға: Ресей не келіссөз, не соғыс арқылы Украинада өз мақсаттарына жетеді
(last modified Mon, 07 Mar 2022 16:31:13 GMT )
Нау 07, 2022 22:31 Asia/Almaty
  • Путин Макронға: Ресей не келіссөз, не соғыс арқылы Украинада өз мақсаттарына жетеді

Ресей Президенті Владимир Путин жексенбі күні Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбаттасып: "Ресейдің Украинадағы мақсаттары не соғыс, не сұхбат арқылы орындалады",-деді.

Fars  ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин осы телефон арқылы сұхбатта Ресейдің талаптарын, соның ішінде Украинаны нацизмнен арылту, қарусыздандыру жəне бейтараптандыру, Киевті НАТО-ға қостырмау талаптарын қайталап: "Украина Мəскеудің талаптарына жауап беруі керек. Болмаса, соғыс жалғасады",-деді.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі жексенбі күні Украинаға көршілес елдерге, соның ішінде НАТО-ға мүше Румынияға Киевтің ұшақтарын қабылдау туралы ескертті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жексенбі күні кешке Ресейдің ескертулеріне көңіл аудармастан: "НАТО-ға мүше елдер Украинаға қырғи ұшақтар жібере алады",-деді.

Тегтер