Ваэзи Әзірбайжан республикасының үкімет басшысымен ақылдасты
(last modified Sat, 23 Apr 2016 13:59:33 GMT )
Сәу 23, 2016 19:59 Asia/Almaty
  • Ваэзи Әзірбайжан республикасының үкімет басшысымен ақылдасты

Иран мен Әзірбайжан республикасы арасындағы сауда- саттық және экономикалық ынтымақтастықтарды жедел кеңейту жолдарына екі елдің бірлескен комиссиясының ирандық төрағасы мен Әзірбайжан республикасының үкімет басшысының Бакудегі кездесуінде шолу жасалды.

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Махмуд Ваэзи Әзірбайжан республикасының үкімет басшысы Артур Расизадемен кездесіп, екі ел арасындағы келісімшарттарды күшіне енгізу туралы сөйлесті.

Ваэзи Иран мен Әзірбайжан республикасы қайраткерлерінің екіжақты сапарлары мен кездесулерін өзара байланыстарды кеңейту шеңберінде маңызға ие деп атап, Астара өзенінің үстінен өтетін рельстік көпір салу рәсімін өткізуді тарихи маңызға ие оқиға деп атады.

Әзірбайжан республикасының үкімет басшысы да Теһран мен Баку арасындағы экономикалық, сауда- саттық және гуманитарлық ынтымақтастықтарды жедел кеңейтуді қолдап: "Ауыл шаруашылығы, туризм, банк істері, дәрі- дәрмек жасау, транспорт және тағы басқа салаларда байланыстарды кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктер бар" деді.

Махмуд Ваэзидің Бакуге үш күндік сапарының бағдарламаларының қатарын Иран мен Әзірбайжан республикасы арасындағы ынтымактастық жөніндегі төрт құжатқа қол қою да құрады.