Дүниежүзілік таэквондо федерациясы президентінің кубогы: Иран және Қазақстан әйелдерінің алтын күні
Дүниежүзілік федерация президенттік кубогының 4-ші халықаралық таэквондо жарысының әйелдер тобындағы бірінші күніндегі тартыстар ирандық таэквондошы әйелдердің басымдығымен аяқталды.
Иран студенттері ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауынша, жарыстың бұл кезеңі кеше, бейсенбі күні 46, 53, 62 және 73 келі салмақта Ауғанстан, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Иордания, Қазақстан, Ливан, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан және босқындар командасының 61 таэквондошының қатысуымен Иран Таэквондо үйінде басталды. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша ирандық әйелдер үш алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Қазақстан бір алтын, Иордания бір күміс, Өзбекстан үш қола және Әзірбайжан бір қола жүлдені жеңіп алды.