Қазақстан мен Түркияның екі әуе компаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты
(last modified Fri, 11 Mar 2022 14:44:33 GMT )
Нау 11, 2022 20:44 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Түркияның екі әуе компаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты

Украинаға жасалған шабуылдан кейін Мәскеуге қарсы санкциялардан кейін Қазақстан мен Түркиянің екі компаниясы Ресейге әуе рейстерін тоқтатты.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Эйр Астана (Air Astana) мен түрік Pegasus Airlines компаниясының мәлімдемесіне сәйкес, бұл шешім негізінен Ресейге қатынас жасайтын әуе кемелерін сақтандыру бойынша белгісіздікке байланысты қабылданған. Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестерінің бірі Ресейге көп рейсі бар «Эйр Астана»  рейстерді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру шешімін іздеп жатқанын мәлімдеді. Түрік Pegasus Airlines компаниясы да бұл қадамның «операциялық тәуекелдерге» байланысты екенін және Брюссельдің Ресей әуе кеңістігіне салған ауқымды санкцияларынан туындағанын айтты. Компания 13-27 наурыз аралығында Ресейге жасалатын рейстерді тоқтатты.

 

Тегтер