Батыс Ресеймен сауда байланысын тоқтатты
(last modified Sat, 12 Mar 2022 13:13:57 GMT )
Нау 12, 2022 19:13 Asia/Almaty
  •  Батыс Ресеймен сауда байланысын тоқтатты

АҚШ Президенті Джо Байден жұма күні АҚШ-тың Еуропалық Одақпен және «Жетілік тобымен» бірге Ресейді сауда үшін толыққанды елдер тізімінен шығаратынын мәлімдеді.

 

АҚШ Президенті сондай-ақ АҚШ пен оның G7 тобындағы серіктестерінің Ресейдің Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктен қаржылық көмек ала алмауын қамтамасыз ететінін айтты. Ресейге қарсы жаңа және келісілген Батыс санкциялары Ресей мен оның экономикасын толығымен жою мақсатында енгізілді.

Дегенмен, Ресейдің Украинадағы әскери операциясына дейін Мәскеу шенеуніктері, әсіресе президент Владимир Путин Батыстың санкцияларын күтіп, алдын ала экономикалық, сауда және монетарлық шаралар қабылдаған болатын. Бірақ олар бұл шаралардың ауқымы соншалықты кең және Ресейдің саяси, экономикалық, коммерциялық, БАҚ, спорт, шенеуніктері мен ықпалды адамдарының барлық аспектілерін қамтиды деп ойламаған.   АҚШ санкцияларының астында тұрған және Ресейдің мұнай мен газға мұқтаждығына байланысты Еуропалық Одақ одан бас тартқан энергетика секторын қоспағанда, Ресей экономикасының бірде-бір бөлігі Батыстың санкцияларынан аман қалмады.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейсенбі күні: «Ресей бұрын-соңды болмаған экономикалық соғыстың күйзелісіне ұшырап, оның әсерін азайту үшін шаралар қабылдауға табпынуда»,- деді.  Батыстың Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялар салған жойқын әрекеттеріне қарамастан, Мәскеу өз мақсаттарына жету үшін Украинадағы әскери операцияларды жалғастыруды қуаттады.  Ресей Президенті Владимир Путин Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының салдарын азайтуға тырысатын жарлықтар шығарды. Путин: «Батыс біздің елмен экономикалық соғыс жүргізіп жатыр, біз оған қарсы әрекет ететін боламыз», - деді.

Мәскеу Батыстың санкциялық науқанына қарамастан мұнай мен газ экспортын, әсіресе Еуропаға экспорттауды жалғастыруға талпынуда. Осы орайда Путин Ресей энергия экспортын Украина арқылы да сақтап отырғанын атап өтті.

Мәскеу Батыстың санкциялық науқанына қарамастан мұнай мен газ экспортын, әсіресе Еуропаға экспорттауды жалғастыруға талпынуда. Осы орайда Путин Ресей энергия экспортын Украина арқылы да сақтап отырғанын атап өтті.   Вашингтон билігі АҚШ-тағы энергия бағасының көтерілуін Ресейдің амбициялық жоспарларына қарсы тұру үшін төлейтін баға деп санайды. Басқа елдер  халықтары Батыстың Ресейге қарсы әрекеті үшін, соның ішінде бидай мен жүгері сияқты стратегиялық өнімдердің бағасын бұрын-соңды болмаған өсіммен төлеуі керек пе?