Амир Абдоллахиан: Ресеймен қарым-қатынасты дамыту Иран үшін маңызды
(last modified Tue, 15 Mar 2022 15:31:28 GMT )
Нау 15, 2022 21:31 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллахиан: Ресеймен қарым-қатынасты дамыту Иран үшін маңызды

Иран Сыртқы істер министрі: «Халықаралық оқиғаларға қарамастан, Ресеймен қарым-қатынасты дамыту Иран үшін маңызды»,- деді.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир-Абдоллахиан  бүгін, сейсенбі күні Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесуінде өзінің Мәскеу сапарына ризалығын білдіріп: «Венадағы ресейлік келіссөзшілерге Иранға қарсы санкцияларды алып тастау туралы келісімге жақындауға көмектескен сындарлы күш-жігері үшін алғыс айтамыз. Бүгін Украина, Ауғанстан, Йемен, Сирия мен Палестинадағы оқиғаларды және басқа да халықаралық мәселелерді талқылау және кеңесу үшін маңызды мүмкіндік»,- деп мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен кездесуінде Вена келіссөздерінің аяқталуға жақындағынаны тоқталып: «Иран-Ресей сауда қарым-қатынастары рекордтық көрсеткішке жетіп, өткен жылы 80 пайызға өсті»,- деді. ИИР Сыртқы істер министрі де Мәскеуге сапарының басында «Украина, Ауғанстан, Йемен және әлемнің кез келген жеріндегі соғысты ашық түрде айыптайтынымыз» деп: «Иран Украина мәселесін саяси жолмен шешуге шоғырлануда»,- деді.