Лавров АҚШ-тың Ресей-Украина бейбіт келіссөздеріне кедергі жасауын сынады
(last modified Sun, 20 Mar 2022 13:53:39 GMT )
Нау 20, 2022 19:53 Asia/Almaty
  • Лавров АҚШ-тың Ресей-Украина бейбіт келіссөздеріне кедергі жасауын сынады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Украинаға қатысты саясатын сынап: «АҚШ Киевке Мәскеудің ең қарапайым шарттарына келісуге кедергі жасауда. Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздер барысында Вашингтон шенеуніктерінің Украина билігіне өз ұстанымдары мен талаптарын таңып жатқанын көріп отырмыз»,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрінің Ресей-Украина келіссөздері барысында АҚШ-тың келісімге келу және қазіргі соғысты тоқтату жолындағы теріс және деструктивті көзқарасын сынауы Вашингтонның шынайы ниетін көрсетеді. Кейбір сарапшылар АҚШ Украинадағы соғысты жалғастырып, Ресейдің де, Украинаның да күштері мен ресурстарын тауысқысы деп санайды. АҚШ іс жүзінде батысшыл Киев үкіметін Мәскеуге қарсы тұруға және оның талаптарын қабылдамауға итермелеу арқылы Украинадағы соғыстың тұтануына көмектесті. Мәскеу Украинаның НАТО-ға мүше болмауын, Киевтің Украинада НАТО әскерлері мен инфрақұрылымдарын орналастыру және бірлескен оқу-жаттығулар өткізуде НАТО-мен ынтымақтасудан бас тартуын талап етуде. Дегенмен, Байден үкіметі іс жүзінде әскери көмекті айтарлықтай арттырып, Ресей мен Украина арасындағы текетірес шиеленісіп, ақыры екі ел арасында соғысқа ұласқанша, Киев үкіметіне Украинаның НАТО-ға мүшелігіне үміт берді. Қазіргі уақытта АҚШ Батыс блогының көшбасшысы ретінде Ресейдің Украинаға басып кіруін сылтауратып, Мәскеуге қарсы тарихтағы ең ауқымды және қатаң санкцияларды енгізді. Осылайша ол Ресейді әлсіретіп, ақырында ыдыратуды көздеген көптен бергі мақсатын жүзеге асыруға маңызды қадам жасады. Сондықтан да ол қазір Мәскеу-Киев атысын тоқтатып, екіжақты келісімге қол жеткізіп, Украина президенті Владимир Зелинскийдің ең қарапайым ресейлік шарттарын қабылдауына қарсы. Лавров бұл туралы: «Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздер барысында Вашингтон шенеуніктерінің Украина билігіне өз ұстанымдары мен талаптарын таңып жатқанын көріп отырмыз. Америкалықтардың Украинадағы соғысты тоқтатқысы келмейтіні анық»,- деді.

АҚШ Украинадағы соғыстың салдары және Ресей армиясының адами және техникалық шығыны, сондай-ақ Ресейге қарсы қолданыстағы санкциялар жүйесі сайып келгенде Ресей экономикасының күйреуіне әкеледі және бұл елдің президенті Владимир Путиннің заңдылығын төмендетеді деп санайды. Алайда Мәскеу билігі бұл пікірмен келіспейді. Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев: «Ресей экономикасы Батыстың санкцияларына байланысты күйремейді. Ресей шектеулер жағдайында және посткеңестік кеңістікте қалай әрекет ету керектігін біледі және оның Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка сияқты сенімді достары бар»,- деді.

Украина соғысын жалғастыра отырып, АҚШ Еуропаның қауіпсіздігі мен әскери тәуелділігін арттырып қана қоймайды,  қазірдің өзінде Еуропа елдерінің әскери бюджеттерінің ұлғайғанын және Германия, Польша сияқты елдердің АҚШ-тан қару сатып алу туралы өтініштерін байқап жатырмыз. Осылайша, Вашингтон қазір Украина соғысын Ресейді әлсірету жөніндегі стратегиялық мақсатына жетудің бірегей мүмкіндігі ретінде қарастырады. Сондықтан Ресей мен Украина арасындағы қазіргі жойқын соғысты тоқтату әрекетіне қарсы.