Нау 26, 2022 15:04 Asia/Almaty
  • Ресей мен Түркия екіжақты саудадан долларды алып тастайды

Ердоған Түркия мен Ресейдің екі ел арасындағы саудадан долларды алып тастауға талпынатынын жариялады.

 

Дүниежүзіндегі көптеген елдер, тіпті АҚШ-тың кейбір одақтастары, соның ішінде Сауд Арабиясы да қаржылық операциялардағы доллардың монополиясын тоқтатуға кірісті. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да Түркия мен Ресейдің екі тарап арасындағы қаржылық айырбастарда екі елдің ұлттық валюталарын пайдалану әрекетін жариялады. Режеп Тайып Ердоған жұма күні Анкара мен Мәскеу делегациялары есеп айырысу үшін Түркия мен Ресейдің ұлттық валюталарын пайдалану туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Ердоғанның айтуынша, бұл шешім алдымен туризм секторында жүзеге асады.

 

Тегтер