Нау 28, 2022 17:09 Asia/Almaty
  • Еуроодақ пен Ресей арасында теміржол қатынасы тоқтатылды

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні сағат 19:00-да Санкт-Петербургтен Финляндия астанасы Хельсинкиге соңғы пойыз барып, Еуроодақ пен Ресей арасында теміржол қатынасы тоқтатылды.

Ресей мен Финляндия басшылары 2010 жылы «Allegro» пойызын таныстырып, екі елдің теміржол компаниялары оны бірлесе басқаруға келіскен болатын.

Бұл пойыз Хельсинки-Санкт-Петербург жолын 2 сағатқа қысқарып, сапар уақытын 3,5 сағатқа жеткізді. Ресейдің айналасында елдердің әуе кеңістігі жабылып, Еуропаға тікелей рейстер жабылған соң Ресей азаматтары сапарға шығу үшін Түркия мен Сербия рейстерін немесе тас және темір жолдарды қолданып жатыр.

Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан кейін күніне 700 жолаушы пойызбен Финляндияға аттанады. Бұл пойыз Хельсинки үкіметінің өтінішімен Ресейде тұратын финляндиялықтарды эвакуациялау үшін іске қосылған болатын.   

Тегтер