Ресей мен Украина Түркияда келіссөз өткізуге уағдаласты
https://itolqyn.com/news/world-i59946-Ресей_мен_Украина_Түркияда_келіссөз_өткізуге_уағдаласты
Түркия Сыртқы істер министрі осы елде Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі өтеді деп хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 28, 2022 18:27 Asia/Almaty
  • Ресей мен Украина Түркияда келіссөз өткізуге уағдаласты

Түркия Сыртқы істер министрі осы елде Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі өтеді деп хабарлады.

Мавлют Чавушоғлы Твиттердегі жеке парақшасында: «Түркия Президентінің талпынысымен осы елде Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі өтеді»,-деп жазды.

Түркия Сыртқы істер министрі: «Бұл келіссөздер атысты тұрақты түрде тоқтатып, бейбітшілік орнату бітіміне ұласуы тиіс»,-деді.

Түркия 10 наурыз Анталияда Ресей мен Украина Сыртқы істер министрлерін қабылдады. Алайда келіссөздер нәтижесіз аяқталған болатын.