Амир Абдуллахиан: Иран түрлі елдерге қарсы біржақты санкцияларды айыптайды
(last modified Thu, 31 Mar 2022 10:10:13 GMT )
Нау 31, 2022 16:10 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі түрлі елдерге қарсы салынған біржақты санкцияларды айыптайтынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Ауғанстанға көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, ИИР үкіметінің көршілестік саясатының басымдықтарын түсіндіріп, көршілес елдермен шынайы әріптестік қатынасын қолдайтынын айтты.  

Амир Абдуллахиан түрлі салаларда екі ел ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік тудыруды қолдап, әріптестік деңгейін арттыру қажеттігін айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеу үкіметінің көршілес елдер, соның ішінде Иранмен жан-жақты ынтымақтастық жасауға ынталы екеніне тоқталып, екі елдің қарым-қатынасын маңызды деп атап, Иранмен әріптестікті дамытуға дайын екенін айтты.