Иранның қатысуымен IONS-2022 біріккен теңіз жаттығуының екінші күні өтіп жатыр
https://itolqyn.com/news/world-i60006
IONS-2022 біріккен теңіз жаттығуының екінші күніне қатысып жатқан бөлімшелер теңізде медициналық көмек көрсету және құтқару амалдарын пысықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 31, 2022 17:35 Asia/Almaty

IONS-2022 біріккен теңіз жаттығуының екінші күніне қатысып жатқан бөлімшелер теңізде медициналық көмек көрсету және құтқару амалдарын пысықтады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, IONS-2022 біріккен теңіз жаттығуының жалғасында сейсенбі күні кешке теңізде  коммуникациялық байланыс үзіліп, радиосигнал мен электронды қатынас тоқтап, төтенше жағдай орнағанда Иран, Үндістан, Франция және Бангладеш армияларының эсминецтері арасында шырақтың көмегімен байланыс орнату амалын сәтті орындады.

Сондай-ақ, әскери жаттығуға қатысып жатқан кемелер «Дена» ирандық эсминецінің басқаруымен Үнді мұхитында түнгі патрульдік қызмет атқарды.