Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге қарсылық білдірді
(last modified Sat, 02 Apr 2022 09:15:37 GMT )
Сәу 02, 2022 15:15 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге қарсылық білдірді

Қазақстан Президентінің кеңсесі басшысының орынбасары Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту мақсатында Мəскеуге көмектесуге қарсылық білдірді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жуырда Еуроодақтың орталығы Брюссельге барып келген Тимур Сүлейменов: "Бұл сапардың мақсаты - еуропалық серіктестерге Қазақстанның Еуроодақ пен АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларын айналып өту үшін қолданатын құрал болмайтынын көрсету",-деді.

Сүлейменов: "Санкцияларды сақтайтын боламыз. Біз АҚШ пен Еуроодақтың жанама санкцияларының нысанасына айналғымыз келмейді",-деді.

Қазақстан сияқты бұрын Кеңес одағының құрамында болған елдер Ресейге экономикалық тұрғыдан тəуелді болғандықтан əлемнің басқа елдерінен көбірек Батыстың Ресейге қарсы шешімдерінен қиыншылыққа ұшырады, тіпті санкциялардың басты құрбаны саналады.

Тегтер