Еуропаның Ресейге қарсы кең ауқымды дипломатиялық соғысы
(last modified Tue, 05 Apr 2022 11:24:24 GMT )
Сәу 05, 2022 17:24 Asia/Almaty
  • Еуропаның Ресейге қарсы кең ауқымды дипломатиялық соғысы

Ресейдің Украинаға басып кіруінен және Мәскеуге қарсы бұрын-соңды болмаған әртүрлі экономикалық, коммерциялық, қаржылық және банктік, бұқаралық ақпарат құралдары мен спорт салаларындағы ауқымды санкциялардан кейінгі Батыс пен Ресей арасындағы текетірестің ауқымы енді еуропалық елдердің Ресейге қарсы кең ауқымды дипломатиялық соғысын бастауға дейін кеңейтілді.

 

Германия Сыртқы істер министрі Аннална Байербаук мәлімдемесінде Германияның Украинаға қолдауын күшейтетінін және 40 ресейлік дипломаттың елден шығарылатынын хабарлады. Оның мәімдемесінде: «Германияның федералды үкіметі  қоғамымыздың еркіндігі мен біртұтастығына қарсы Германияда күн сайын жұмыс істейтін Ресей елшілігі дипломаттарының айтарлықтай санын елден шығару туралы шешім қабылдады»,- деп айтылды. Франция Сыртқы істер министрлігі де Париждің көптеген ресейлік дипломаттарды елден шығару туралы шешім қабылдағанын, себебі олардың әрекеттері Францияның ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келетінін айтты.  Бұл еуропалық бастаманың бір бөлігі. Франция басшыларының бірі шенеунігі 35-ке жуық ресейлік дипломаттын бұл елден шығарылатыны туралы уәжденді. Бұған дейін Бельгия 21 ресейлік дипломатты шығаруды талап етті. Нидерланды, Чехия және Ирландия, Литва, Эстония және Латвия да ондаған ресейлік дипломатты елден шығаратынын хабарлады. Ресей бұған жауап ретінде Балтық жағалауындағы үш мемлекеттің 10 дипломаттын шығаратынын мәлімдеді. Ресейлік дипломаттардың жаппай шығарылуы Ресейдің Украинаға басып кіруіне екінші ай өтіп жатқан жағдайда орын алуда.

Еуроодақ елдері АҚШ-пен бірге Ресейге қарсы ауқымды санкциялар салды. Әсіресе, БАҚ-та Украина астанасы Киевтің солтүстігіндегі  Бучаның тұрғындарының өлтірілгені туралы ақпарат жарияланғаннан кейін екі есе артқан дипломаттарды депортациялаудың мақсаты  Мәскеуге қысымды күшейту, сондай-ақ Еуропа елдеріндегі ресейлік дипломаттардың миссиялардағы белсенділігін азайтуды көздеген сияқты. Сонымен бірге еуропалықтар бұл әрекет Ресейдің Еуропада және кеңірек халықаралық аренада оқшаулануының күшеюіне әкеледі деп есептейді. Осындай пікірлерге қарамастан, Мәскеу Еуропа елдерінің достыққа жат әрекеттеріне қатаң түрде қарсы тұрды. Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова: «Ресей Франциядан 30 ресейлік дипломатты шығарылуына қолайлы жауап қайтарады»,- деді.  

Деректер АҚШ бастаған Ресей мен Батыс арасындағы текетірестің таяу болашақта күшейіп, көптеген салаға таралатынын көрсетеді. Егер осы уақытқа дейін еуропалық елдердің ресейлік газ экспортына қажеттілігіне байланысты олар Мәскеуге газ эмбаргосын енгізуден бас тартқан болса, қазіргі уақыттағы Литва, Латвия және Эстония сияқты кейбір елдердің Ресейден газ импортын тоқтатқандықтан, Ресейдің энергетикалық санкцияларының болашағы шындыққа жақындап келеді. Ал, қазір Буча оқиғасын сылтауратып, ресейлік әскерилерді оның тұрғындарын өлтірді деп айыптап жатқан еуропалық көшбасшылар Мәскеуге қысымды күшейтуге бел буып отыр. Осыған байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон ресейлік мұнай мен көмірге санкция салуға шақырды. Еуропа елдерінің Ресеймен дипломатиялық науқандағы бірлескен күш-жігеріне қарамастан, Еуроодақ Мәскеумен саяси және дипломатиялық арналардың ашық болғанын қалайды. Еуроодақтың сыртқы байланыстар комиссиясының өкілі Питер Стано: "Еуропа елдері Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты сақтауы керек. Мәселені шешкілерің келсе, Путинмен сөйлесу керек", - деді. Расында, Еуроодақ басшылары Ресеймен дипломатиялық арналарды жабу бір жағынан түсініспеушіліктерді одан әрі шиеленістірсе, екінші жағынан шиеленістің ушығуына әкелетінін жақсы түсінеді.