Амир Абдуллахиан: Дипломатиялық жол ашық
Сәу 10, 2022 18:45 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: «Біз тиімді де тұрақты келісімге жету үшін дипломатиялық жолды жалғастырамыз»,-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні Иран СІМ-нің ғимаратында өткен Сыртқы экономикалық қатынасты үйлестіру штабының бірінші жиналысында: «Санкцияларды түбегейлі жоюды көздеп отырмыз. Алайда Иран Президентінің пікірінше, бәрін Вена келіссөздерінің нәтижесімен байланыстырмауымыз керек. Біз Еуропаның үш елімен техникалық тақырыптар бойынша бір нәтижеге жеттік»,-деді.
Амир Абдуллахиан: «Мәскеуге сапарымда Ресей тарапымен жасалған келісім бойынша, егер Венада келісімге келсек, Ресей кедергі жасамайтын болады»,-деді.
Тегтер