Имран Хан Пәкістан Премьер-министрі лауазымынан босатылды
(last modified Sun, 10 Apr 2022 13:31:27 GMT )
Сәу 10, 2022 19:31 Asia/Almaty
  • Имран Хан Пәкістан Премьер-министрі лауазымынан босатылды

Пәкістан Парламенті Имран Ханға сенімсіздік білдіріп, оны Премьер-министр лауазымынан босатып, осы қызметке үміткерлерден тіркеуден өтуді сұрады.

AVA – Ауған дауысы ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Пәкістан Парламенті: «Елдің Премьер-министрі болғысы келетін адамдар алдағы бірнеше сағатта тиісті құжаттармен өтініштерін Парламентке тапсыруы тиіс»,-деп хабарлады.

Пәкістан Парламенті сенбі күні кешке өткізген жиналысында Имран Ханның Премьер-министр лауазымында қалу мәселесін талқылады. Ақырында жексенбі күні таңертең, 10 сәуірде Пәкістан Парламентінің депутаттары 174 дауыспен Имран Ханға сенімсіздік танытып, қызметтен босатты.

Осылайша АҚШ пен Сауд Арабиясының Пәкістан үкіметіне қарсы жұмсақ саяси төңкерісінің соңғы кезеңі, яғни Имран Ханды биліктен шеттету жоспары сәтті аяқталды.