Кабулдағы Иран елшілігі уақытша жабылды
(last modified Tue, 12 Apr 2022 11:46:47 GMT )
Сәу 12, 2022 17:46 Asia/Almaty
  • Кабулдағы Иран елшілігі уақытша жабылды

ИИР-ның Ауғанстадағы елшілігі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты консулдықтың бүгіннен (сейсенбіден) осы аптаның соңына дейін қызметін тоқтататынын хабарлад

 

Ауғанстанның саяси қайраткерлері мен ғалымдарының реакциясын тудырған имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің ауласындағы тәкфиршіл лаңкестік оқиғадан кейін қазір ауған кибер кеңістігінде белгісіз мекенжайлардан ауғандық иммигранттардың азапталуы мен оларға қиянат жасалуы туралы бейнелер таралуда.  

Дүйсенбі күні Кабулдағы ИИР елшілігі мен Гераттағы Иран Бас консулдығының алдына жиналған бірқатар адам тас лақтыра бастады. Бұл оқиға шамамен бір ай бұрын киберкеңістікте ауғандық босқындар мәселесіне қатысты ирандық және ауғандық тараптардың эмоциялары мен сезімдерін ояту мақсатында жалған хабар таралғаннан кейін болып отыр.  

Осыған байланысты бүгін (сейсенбі) таңертең  Иран Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Азия бойынша бас директоры Сейед Расул Мусави Ауғанстанның Теһрандағы елшілігінің уақытша сенімді  өкілін шақыртып,  Иранның Кабулдағы елшілігіне және Гераттағы Бас консулдығына жасалған шабуылдарға байланысты наразылық білдірді және дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үкіметтердің жауапкершілігін еске салып, ИИР өкілдіктерінің миссияларына шабуыл жасағандарға заңды шара қолдануды талап етті.