Қытай: АҚШ - әлемдегі нөмірі бірінші экономикалық қарақшы
https://itolqyn.com/news/world-i60292
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың санкциялары мен басқа елдердің, соның ішінде Иран мен Ресейдің активтеріне қол сұғуына тоқталып, Вашингтонды «әлемдегі нөмірі бірінші экономикалық қарақшы» деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 13, 2022 16:42 Asia/Almaty
  • Қытай: АҚШ - әлемдегі нөмірі бірінші экономикалық қарақшы

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың санкциялары мен басқа елдердің, соның ішінде Иран мен Ресейдің активтеріне қол сұғуына тоқталып, Вашингтонды «әлемдегі нөмірі бірінші экономикалық қарақшы» деп атады.

 

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың ақша-несие саясаты мен амбицияларына сілтеме жасай отырып: «Иранның валюталық қорын бұғаттау, Ауғанстанның активтерін тәркілеу, Ресейдің 300 миллиард долларлық алтын-валюта қоры мен оның мекемелері мен жеке тұлғаларының шетелдік активтеріне тосқауыл қою АҚШ-ты әлемдегі нөмірі бірінші экономикалық қарақшы ету үшін жеткілікті»,- деді. Бұл арада Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Ли Цзянь АҚШ санкциялық қарумен халықаралық үстемдігін сақтап қалуға тырысатынын баса айтты.