Раиси Пәкістанды жаңа премьер-министрдің тағайындалуымен құттықтады
https://itolqyn.com/news/world-i60324
ИИР президенті Пәкістан үкіметіне хат жолдап, жаңа премьер-министрдің тағайындалуымен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 14, 2022 19:57 Asia/Almaty
  • Раиси Пәкістанды жаңа премьер-министрдің тағайындалуымен құттықтады

ИИР президенті Пәкістан үкіметіне хат жолдап, жаңа премьер-министрдің тағайындалуымен құттықтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран президенті Ибраһим Раиси өз хатында Миан Мұхаммед Шехбаз Шарифті Пәкістанның жаңа премьер-министрі ретінде тағайындалуымен құттықтап, алдағы уақытта Иран мен Пәкістан халықтары арасындағы әріптестіктің тиісті деңгейге жететініне үміт білдірді.    

ИИР президенті өз құттықтау хатында: «Иран әрдайым, әсіресе жаңа кезеңде Пәкістанмен барлық салаларда әріптестікті жоғарылатуға дайын»,-деді.