Сәу 15, 2022 17:15 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі ОАР Сыртқы істер министрімен кеңесті

Иран Сыртқы істер министрі Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрімен ең маңызды екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде сұхбаттасып, пікір алмасты.

Хұсейн Амир Абдуллахиан Наледи Пандормен телефон арқылы сұхбатында ИИР-ның сыртқы саясатындағы Африка құрлығының маңыздылығына тоқталып, Иран үкіметінің осы құрлықпен, әсіресе ОАР-мен қарым-қатынасын дамытуға белді бекем буып отырғанын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Оңтүстік Африка республикасының халықаралық ұйымдарда бір-бірінің ұстанымдарын қолдайтындарына тоқталып, екі елдің халықаралық қауымдастықтағы әріптестігін жалғастыру қажеттігін айтты.

ОАР Сыртқы істер министрі осы телефон арқылы сұхбатта осы ел басшысының шақыруын қайталап, Иран Президентінің Оңтүстік Африка республикасына сапарының екіжақты қарым-қатынасқа серпіліс беретініне үміт білдірді.  

Тегтер