Сәу 18, 2022 21:05 Asia/Almaty
  • Иран үкіметінің баспасөз өкілі: 2 млрд мұсылманды қорлау адам құқығына қайшы

Иран үкіметінің баспасөз өкілі Рамазан айында Швеция полициясының ресми қолдауымен 2 млрд мұсылманды қорлауды адамның рухани өміріне қарсы жиіркенішті әрекет деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран үкіметінің баспасөз өкілі Әли Бахадори Джахроми дүйсенбі күні таңертең Твиттердегі жеке парақшасында: "Сенім бостандығының орнын илаһи діндерді қорлау басты. Сөз бостандығы   Батыста экстремизм мен шовинизмді тарататын құралға айналды",-деп жазды.

TRT телеарнасы жуырда таратқан видео бойынша, Швецияда бір адам Құран Кәрім кітабын өртеп жіберді.

Данияның әсіре оңшыл партиясының жетекшісі Расмус Палудан Швецияның бір ауданында Құран Кәрім кітабын өртеп жіберді.

Бұл әрекет Швеция мен бір қатар ислам елінде наразылық тудырды.

Тегтер