ИИР Швециядағы исламға қарсы әрекеттер мен мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықты айыптады
(last modified Tue, 19 Apr 2022 13:32:42 GMT )
Сәу 19, 2022 19:32 Asia/Almaty
  • ИИР Швециядағы исламға қарсы әрекеттер мен мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықты айыптады

ИИР Үкіметінің баспасөз хатшысы Әли Бахадори Джахроми өзінің жеке парақшасында Еуропадағы, әсіресе Швециядағы шектен шыққан оңшылдардың исламға қарсы әрекеттеріне реакция білдіріп: «Дін бостандығы илаһи діндерге тіл тигізуге жол берді. Швеция полициясының ресми қолдауымен қасиетті Рамазан айында 2 миллиард мұсылманды қорлау – адам құқығы емес, бұл өшпенділік және адами руханиятқа қарсы әрекет»,- деп жазды.

Швециядағы тәртіпсіздіктер өткен бейсенбіде елдің түкпір-түкпіріндегі әсіре оңшыл белсенділердің исламға қарсы әрекеттерінен кейін басталып, әртүрлі қалаларда полицияның араласуымен зорлық-зомбылық пен қақтығыстарға ұласты. Қос дат-швед азаматтығы бар Данияның әсіре оңшыл «қатты желі» партиясының жетекшісі Расмус Палудан Швецияда исламға қарсы және иммиграцияға қарсы күн тәртібі аясында шаралар кешенін әзірлейді және жүзеге асырады. Олардың бірі – Құран Кәрімді көпшілік алдында өртеу. Бұл шын мәнінде исламға қарсы және Еуропада мұсылмандардың болуына қарсылық бағыттағы символдық әрекет.

Дания мен Швеция үкіметтерінің бұл әсіре оңшыл партияға исламдық қасиетті қорлау және мұсылмандарға Құранды өртеу арқылы тіл тигізуге  рұқсат беру сылтауы – сөз бостандығы мен Еуропа үкіметтерінің оны қорғау туралы уәждері. Батыстың, соның ішінде Еуропа елдерінің сөз бостандығына қатысты екіжақты стандарттарына көз жүгіртсек, бұл тек исламофобия мен исламға қарсылық сияқты Батыстың көздеп отырған мәселелеріне күмән келтіріп, мұсылмандардың қасиеттілігін қорлау кезінде ғана қолданылатынын көрсетеді.   Әйтпесе, Холокост - Екінші дүниежүзілік соғыстағы еврейлердің қырылуы немесе Украинадағы қазіргі соғысқа  байланысты әдеттен тыс немесе рұқсат етілмеген позицияны ұстанушыларға үзілді-кесілді қарсылық білдіреді  және қудаланады.

Иран Батыстың, соның ішінде Еуропаның сөз бостандығына және осы сылтаумен Исламға қарсы әрекеттерге рұқсат беруге қатысты екіжақты көзқарастарын бірнеше рет айыптады. Президенттік стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі Мохаммад Садеқ Хаятиян: «Саяси және апартеидтік қарым-қатынастардың кесірінен БАҚ пен ғалымдардың кейбір мәселелерге жақындауына да рұқсат етілмеген.  Құранды өртеуді сөз бостандығымен ақтау – адамдарды қорлау. Швеция үкіметі мен полициясының қолдауымен және еркін түрде жасалған іс – бұл сөз бостандығының үлгісі емес, «жек көрушілік» пен «нәсілшілдіктің» айқын үлгісі. Осы себепті бұл логикаға, демократиялық құндылықтарға және адам құқықтарының мойындалған принциптеріне қайшы келеді. Бұл арандатушылық әрекеттерді қолдайтындар оның салдары үшін жауапқа тартылуы керек.