Сәу 24, 2022 17:39 Asia/Almaty
  • Ираннан Ресейге қару-жарақ жіберілгені туралы ақпарат жалған

Ресейдің Теһрандағы елшілігі Ираннан Ресейге қару-жарақ жіберілгені туралы ақпаратты теріске шығарды.

Осыдан біраз бұрын Лондонда басылып шығатын The Guardian газеті Украина соғысында қолданылуы үшін Ирактан Ресейге танкке қарсы зымыран, Ираннан «Бавар-373» әуе қорғаныс кешені жіберілгенін хабарлаған болатын.  

Осы есептен кейін Иранның Ұлыбританиядағы елшілігі бұл уәжді теріске шығарып, оны негізсіз деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Теһрандағы елшілігі жексенбі күні мәлімдеме жасап: «Кейбір ақпарат құралдарында Ираннан Ресейге қару-жарақ жіберілгені туралы таралған ақпарат жалған, шындыққа жанаспайды»,-деді.

Тегтер