Еркін күрестен Азия чемпионатында Иран 8 медаль алды
Сәу 24, 2022 22:50 Asia/Almaty
Иранның палуандар командасы Моңғолияда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Моңғолияда еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды. Иран командасы 6 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде алды.
Азия чемпионатының осы кезеңінде Рахман Амузада 65 кг салмақта, Юнес Имами 74 кг салмақта, Әли Савадкуһи 79 кг салмақта, Амир Хұсейн Фирузпур 92 кг салмақта, Мұхаммед Хұсейн Мұхаммадиан 97 кг салмақта, Ядолла Мохебби 125 кг салмақта алтын алды.
Дариуш Хезртақализаде 61 кг салмақта күміс алса, Мохсен Мұстафави қола жүлде алды.
Чемпионат соңындағы командалық есепте Иран 201 ұпаймен жеңімпаз атанса, Үндістан екінші, Қазақстан үшінші орынға табан тіреді.
Тегтер