Сәу 25, 2022 18:04 Asia/Almaty

"Париж-Персеполис" халықаралық мотоциклшілер туры Иранға келді. Олар елдің табиғи, тарихи және туристік тартымдылықтарын тамашалайтын болады.

"Париж-Персеполис" халықаралық турына Франция, Швецария мен Нидерландыдан 20 турист қатысып жатыр. Олар өз сапарларын 16 ауыр мотоцикл және екі дифференциалды 3 көлікпен Парижден бастап, 22 сәуірде Батыс Әзірбайжан облысындағы Маку шекарасынан  Иранға кірді.

Бұл турдің басты мақсаты иранофобиямен күресу және әлемге Иранның мәдениеті мен өркениетін таныстырып, тарихи және туристік тартымдылықтарын көрсету деп жарияланды.    

Тегтер